Атырау облысында магистральдық газ құбырын салу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аймақ тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші – 99,9%. Ұзындығы 122 шақырым болатын газ желісі жүргізіліп, 6 елді мекеннің халқы көгілдір отынмен қамтылды.
«Бұдан бөлек, магистральдық газ құбырын салу жұмысы жүріп жатыр. Бұл қаланың бір мөлтек ауданын, кәсіпкерлік субьектілерді тұрақты газбен қамтуғаәлеу мүмкіндік береді», - деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар Аймақта 27,6 шақырым жылу желісі жөндеуден өтіп, 13 жылу бекетіне құрылғылар сатып алынды. Жыл басынан бері 160 шақырым электр желісі ауыстырылып, 54 000 тұтынушыға тұрақты жарық беріле бастады. Бұдан бөлек, 742 шақырым электр желісі жөнделді.
"@ortcom_kz"