Атырауда жұмыссыздық деңгейі екі есеге өсті

Короновирус індеті экономиканың жетекші салаларының жұмыстарын тежеді. Соның салдарынан 2020 жылы Атырау қаласында жұмыссыздық деңгейі екі есеге артты, деп хабарлайды ATPress.kz

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев Атырау қаласының әлеуметтік-экономкалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары және 2021 жылға қойылған міндеттері туралы есеп беруінде мәлімдеді.

- Жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 2020 жылы өтініш білдірген 14 мыңнан аса адамның 8 259 тұрақты жұмысқа орналастырылды, 920 жұмыссыз кәсіби оқытуға тартылып, 2 034 адам уақытша жұмыстарға қатысуға мүмкіншілік алды. 2020 жылы қала аумағында 10225 жаңа жұмыс орны ашылды.Бұған қоса, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 25 жоба іске асырылып 2589 жұмыс орындары құрылды.Осы қиын кезеңде мемлекет тарапынан 103 837  адамға 11 түрінен әлеуметтік көмек көрсетілді, - деді Қайрат Оразбаев.