Апасын балағаттаған қызылқоғалық тұрғын жазаға тартылды

Қызылқоға аудандық сотында әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің  461-бабымен азамат Б.Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сотта анықталғандай, ол мас күйде апасын балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Тіпті, үй мүліктеріне де нұқсан келтірген. Сондай-ақ, биыл 20 қаңтардағы ішкі істер органымен берілген қорғау нұсқамасын бұзған.     

Сот отырысында айыпталушы кінәсін мойындап, жасаған әрекеті үшін кешірім сұрап, бұл үшін өкінетінін айтты. Мұны сот кінәлінің жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ал, мас күйде әкiмшiлiк құқықбұзушылық жасағандар жазадан қашып құтылмайды.

Сот қаулысымен кінәлі деп танылған азамат үш тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. 

Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 461-бабына сәйкес, ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу –  ескерту жасауға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеліп соғады.

Еске сала кетсек, бұған дейін біз анасын бірнеше рет балағаттаған атыраулық жігіттің 10 күнге қамауға алынғанын жазған едік.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: altgazeta.ru