22 Қаңтар, 2023 109

Рыбакинаның ақтық сындағы қарсыласы анықталды

 Рыбакинаның ақтық сындағы қарсыласы анықталды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25 ракеткасы Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионаты ширек финалындағы қарсыласы анықталды.

Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымында әлемнің 7-ракеткасы, америкалық, 18 жастағы Кори Гауфф пен дүниежүзілік рейтингте 17-орында тұрған латвиялық Елена Остапенко кездесті. Бұл бәсекеде К.Гауфф фаворит саналғанымен, Е.Остапенко 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

  Сөйтіп Е.Рыбакинаның қарсыласы атанды. Е.Остапенко – 2017 жылы 20 жасында Ролан Гаррос турнирінің жеңімпазы атанған танымал спортшы.

  Е.Рыбакина мен Е.Остапенконың бәсекесі 24 қаңтар күні таңға белгіленген.