ҚР Туризм және спорт министрлігі Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 27 шілдеде өнер көрсететін отандық спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, 27 шілдеде отандық атлеттер спорттың 8 түрінде өнер көрсетеді.
Сонымен дзюдодан алғашқы белдесулер Астана уақытымен сағат 13:00-де, ал финал 19-00-де басталады.
48 келі салмақта Әбиба Абужақынова бірінші раундта Израиль спортшысы Сара Ришонимен күш сынасады.
Сондай-ақ бірінші раундта 60 келі салмақта Елдос Сметов нидерландтық Торнике Чкадуаны жеңуге тырысады.
Нысана көздеуден ерлер арасындағы квалификация Шаторуда елорда уақымен 13:30-да, әйелдер арасындағы жарыс 15:30-да басталады. Астана уақытымен іріктеу 12:00-де, ал финалдар 13:30-да басталады.
Пневматикалық винтовкамен 10 метрден аралас жұптық сын – Қазақстан-1 командасы (Ислам Сатпаев, Александра Ле), Қазақстан-2 командасы (Арина Алтухова, Константин Малиновский). Мұнда іріктеу нәтижесінде 1-2 орын алған құрамалар финалға шығып, чемпионды анықтайды, 3-4 орын қола медальді сарапқа салады.
Пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеудің іріктеуі – Никита Чирюкин мен Ирина Юнусметова.
Академиялық ескек есуден іріктеуде Владислав Яковлев бақ сынайды. Ұлттық құрама спортшысы алғашқы алтылықта жарысады. Әр алтылықта жақсы нәтиже көрсеткен 3 спортшы тікелей ширек финалға шығады. Қалғандары ертесіне (28 шілдеде) тағы бағын сынап көреді.
Спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңді сағат 18:30-да "Хабар" арнасынан көре аласыздар:
көпсайыс – Милад Карими;
ат снаряды – Нариман Курбанов.
Велоспорттан жекелей сындағы жарыстың финалында Евгений Федоров төбе көрсететін болады.
Теннис:
Александр Бублик – Тейлор Фриц (АҚШ) 15:00,
Юлия Путинцева – Марта Костюк (Украина) 15:00.
Үстел теннисі:
Кирилл Герасименко – Николас Бургос (Чили) 23:00
Бокстан 63,5 келі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы испаниялық былғары қолғап шебері Ойер Ибареччені жеңуге тырысады.
Оны Қазақстан уақыты бойынша 27-сінен 28-іне қараған түні сағат 00:52-де "Хабар" арнасының эфирінен көруге болады.
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі