Үндістандық ғалымдар Айдан бірнеше химиялық элементтерді тапты

Үндістандық Прагян Айдан бірнеше химиялық элементтерді тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың ішінде: күкірт, алюминий, кальций, темір, хром, титан, марганец, кремний және оттегі болды. Ал сутекті іздеу әлі де жалғасуда. 

"Прагян" жер серігіне 23 тамызда үнділік "Чандраян-3" станциясының қону модулінің көмегімен жеткізілген болатын. Ай ровері Оңтүстік полюске жақын жерде шамамен 1 ай күні жұмыс істейді. Бұл шамамен 14 Жер күнін құрайды.

Құрылғы жер серігінің топырағы мен рельефін зерттейді, сонымен қатар тектоникалық белсенділіктің іздерін іздейді.