Футболдан әлем чемпионының жүлдегері анықталды!

Хорватия құрамасы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Марокко құрамасынан басым түсіп, үшінші орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Халифа" стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен Хорватия құрамасының пайдасына аяқталды.

Кездесу алғашқы минуттан-ақ тартысты басталды. Ойынның 7-ші минутында Йошка Гвардиол әріптестерінің әдемі комбинациясын голмен аяқтаса, араға 2 минут салып Хаким Зиеш айып добынан тамаша пас асырып, Марокко жылдам жауап қайтарған.

Матчтың 42-минутында Мислав Оршич алыс бағыттан дәл соққы бағыттап, еуропалық команданы тағы алға шығарды. Марокколықтар ойынның соңғы минуттарына дейін шабуыл жасап баққанымен есеп айырмасын теңестіре алмады. Нәтижесінде Хорватия әлем чемпионатындағы екінші қоласын иеленді. Олар алғаш рет 1998 жылы Францияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Аргентина мен Франция құрамалары арасында финалдық кездесу өтеді. Бұл кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады.