Елена Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатының финалына шықты

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралияның ашық чемпионатында жартылай финалда Рыбакина Виктория Азаренкодан басым түсті.

Теннисшілер бірінші ойында-ақ бір-бірімен шынайы тартысты, олар тура бір сағат бойы бір-біріне дес бермей, тай брейкте Елена Рыбакинаның асығы алшысынан түсті – 7:6 (7:4).

  Рыбакинаның қарсыласы қазіргі Аустралия чемпионатындағы ең титулды қатысушылардың бірі екенін айта кеткен жөн.

  Азаренко мұнда 2012 және 2013 жылдары чемпион атанған еді.