Мәскеуде 16 жастағы жасөспірім электронды темекіні ыстық ваннада шамадан тыс шегіп, қайтыс болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SHOT арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Әпкесінің айтуынша тоғызыншы сынып оқушысы электронды темекі шеккенді ұнатқан. Тіпті өткен жылы ол қоғамдық жерде темекі шеккені үшін тіркеуге алынған. Бала үйге 13 тамыз күні кешке келген. Сағат кешкі 11-де ол демалу үшін жуынатын бөлмеге барып, сол жерде электронды темекісін тартқан. Бүкіл пәтерге тәтті иіс тараған.
Бір сағаттан кейін жігіттің жағдайы нашарлай бастаған. Оның жүрегі айнып, кереуетінің жанына су қойып, төсегіне жатып қалған. Таңғы сағат алтыда әпкесі жұмысқа кетер алдында жиенін тексеріп, дем алып жатқанын көреді. Ал күндізгі сағат 12-де әпкесінің қызы оған қоңырау шалып, жігіттің оянбағанын айтады. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлер оның өлімін анықтады. Өлімнің нақты себебін медициналық сараптама анықтайды.