Димаш Құдайбергеннің шет елдердегі жанкүйерлері қазақ тілін үйренуде

“Отандастар қорының” ұйымдастыруымен өтіп жатқан “Интенсивті қазақ тілі курстарына” 15 мемлекеттен 90-ға жуық тыңдаушы қатысқан" деп хабарлайды ATPress.kz

Бұл туралы «Отандастар қоры» инстаграм желісіндегі парақшасында жазды.

"Үш апталық интенсив курсқа шетелдегі отандастарымыз, тілімізге қызығушылық танытушылар және Димаш Құдайбергеннің «Dears» жанкүйерлері қатысып, қазақ тілін үйренді.

Қатысушылар Америка Құрама Штаттары, Түркия, Ресей Федерациясы, Германия, Франция, Ұлыбритания, Иран Ислам Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Индонезия, Польша, Малайзия елдерінің азаматтары" делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қыркүйек айынан бастап, онлайн қазақ тілі курстарының екінші жарты жылдығы басталады.