Испанияда 25 жыл бойы ақысыз үй шаруаларын істегені үшін ер адам бұрынғы әйеліне 200 мың еуро төлеуге міндеттелді деп хабарлайды Stan.kzStan.kz ақпарат агенттігі Euronews.com басылымына сілтеме жасап.
Ерлі-зайыптылардың екі қызы болған. Сот материалдарында әйелдің барлық уақытын отбасын күтуге және үй шаруасына арнағаны жазылған.
Үкімге сәйкес ерлі-зайыптылар некедегі мүлікті бөліседі, сәйкесінше әрқайсысы өзі тапқан мүлкін ғана алады.
Нәтижесінде некеде болған жылдары ештеңеге қол жеткізбеген әйел ажырасу кезінде де ештеңе алмаған.
Өз жағдайын түсінген 48 жастағы Ивана Морал адвокатқа жүгінеді. Олар Ивана 25 жыл некеде ең төменгі жалақымен 204 624 еуро ала алатынын есептеп, осы соманы әйелдің бұрынғы күйеуіне төлеуге міндеттеді.