Жол апаттарының алдын алу жұмыстары жүргізілуде (+ВИДЕО)

Атыраулық полицейлер жол-көлік оқиғаларын алдын-алу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бүгінгі күні үй жануарларының қатысуымен болып жатқан жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар автожолдар бойында полицейлер түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жарық (сәуле) шағылыстыратын алқалар орнатудың маңыздылығы, жол-апаттарының алдын алу, жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіз жүруінің маңыздылығы айтылуда.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары мал иелеріне қала аумағында және республикалық маңызы бар автожолдар бойында үй жануарын қараусыз қалдыруы жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыруы мүмкін екендігін ескертеді.