Жантүршігерлік жағдай атыраулықтардың зәресін ұшырды (+ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде жаға ұстатар видео тарап жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бейнежазбадан жетінші қабаттың балконына шығып, оның үстіне шығып алған кішкентай қызды анық көруге болады. Анықталғандай, сұмдық оқиға Нұрсая мөлтеауданында орын алған. Абырой болғанда бүлдіршін дін аман. Бірақ, полиция департаментінің мамандары баланы бақыламаған ата-анасына хаттама толтырылғанын жеткізді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ