Түн ортасында Атырау орталық көпірінде не болғаны анықталды (+ВИДЕО)
Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
15 мамыр күні сағат 00:50 шамасында "102" арнасына орталық көпір үстінен белгісіз азаматшаның секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түсіпті. Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 1979 жылы туған азаматшаның жеңіл дәрежелі мас күйде болғанын анықтаған. Аталған дерек бойынша 44 жастағы әйел адам жедел тергеу тобына тапсырылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Видео: "АтырауОйл" парақшасы