"Атыраулықтар субұрқақтарға ұқыптылықпен қараса екен..." (+ВИДЕО)

Өңірде субұрқақтар іске қосылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Олар орталық алаң мен Тутұғыр, Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы, жастар саябағы, «Ақжайық» қонақ үйі маңында және Балықшы ықшамауданындағы «Аққу» дүкені алдында, драма театры мен Құрманғазы ескертші алаңында орналасқан. Жақын арада облыстық әкімдік алдындағы субұрқақ та қосылады. 

Тиісті жұмыстарды «Самғау-2030» мердігер мекемесі атқаруда. Ауа райы қолайлы болғандықтан субұрқақтар сағат 09:00-22:00 аралығында жұмыс жасайды.

"Электр жүйелері қосылған түрлі құрылғылары бар сұбұрқақтарға балаларға түсуге болмайтынын қауіпті екенін қатаң түрде ескертеміз. Сонымен қатар, бүгінде субұрқақтарды бүлдіру фактілерінің орын алуына орай қала тұрғындары мен қонақтарын, соның ішінде балаларды қоғамдық және қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырамыз" дейді әкімідіктегілер.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ