Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері мереке күндері республикалық маңызы бар тас жолдарында күшейтілген режимде қызмет атқаруда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазіргі таңда полицейлер авариялық қауіпті тас жолдарда қала, аудан аралығында такси қызметімен айналысатын көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, күннің ыстық уақытында демалып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертуде.
- Жол-көлік оқиғаларының орын алуына басты себептерінің бірі - көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы. Статистикалық мәлімет бойынша жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асырып, қарсы бағытқа шығып, басып озу қағидасын бұзуы. Осы ретте, көлік жүргізушілерге барынша сақтық шараларын қатаң сақтау керегін ескертеміз,-деді Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының командирі полиция капитаны Әділбек Шахметов.