Атыраулық полицейлер қатаң ескерту жасады (+ВИДЕО)
Қазіргі таңда қаламызда балалардың қатысуымен аулаларда жол көлік оқиғалары жиі орын алуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Оның бірден-бір себебі балалардың самокат, велосипед құралдарын басқарып, жолға шығу нәтижесінде қайғылы жағдайға әкеліп соғуда.
"Атыраулық полицейлер қала тұрғындары мен ата-аналарына балалардың ойын алаңдарында қараусыз қалдырмауларыңызды сұрайды. Жолда сақ болыңыздар. Балалардың өмірі біз үшін аса қымбат" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ