Атыраудың әкімі қанша табатынын айтты (+ВИДЕО)

Шаһар басшысы Мейірім Қалауи уoutube-арнасындағы журналист Асхат Ниязовтың "Обожаю" бағдарламасында жалақасын жасырмай айтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Жер учаскесін тегін берді. Пәтерді 12 жыл ипотека төлеп алдым. Ата-анам үйін өздері салды. Әкем өмір бойы зауытта жұмыс істеген, анам мұғалім. Жалақым 840-850 мың шамасында" деп жауап берді М.Жоламанұлы.

Сондай-ақ, ол бұған дейін бұрынғы "Nur Otan" (қазіргі "Amanat") партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болғанда шамамен 350 мың теңге жалақы алғанын да жасырмады.

Айта кетейік, Мейірім Қалауи бұл қызметке 4 наурызда кіріскен еді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ