Атырауда жұрттың үрейін ұшырған жол апаты болды (+ВИДЕО)
Бүгін, 1 маусым күні Атырау қаласы Қызылбалық ауылының тұсында "ВАЗ-2114" және "Хонда" көліктері соқтығысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Салдарынан жүргізушілер мен жолаушылар түрлі дене жарақытымен облыстық ауруханаға жеткізілді.
"Сағат 12:30-да Атырау-Дамба тасжолында дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұсында жол-көлік оқиғасы бойынша «103» пультіне шақырту түсті. Дер кезінде бригадаға жолданды. Алғашқы көмек бір ересек пен жасөспірімге көрсетілді. Қазір әртүрлі сыртқы дене жарақатымен облыстық аурухана мен балалар ауруханасына жеткізілді" дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова.
Осы орайда, Атырау қалалық полиция басқармасы Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ерсін Қожахметов тұрғындарды жолда жүру ережелерін қатаң сақатуға шақырды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ