Атырауда патрульдік полиция күшейтілген режимге көшті

“Жолаушылардың жолдағы қауіпсіздігі” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Республикалық маңызы бар тас жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдауды, оның ішінде шетелде тіркелген автокөліктер және регламенттер мен стандарттарға жауап бермейтін басқару жүйесі оң жақта орналасқан автокөліктерді бақылауды күшейту мақсатында облыс аумағында 22 мамыр және 4 маусым күндері “Жолаушылардың жолдағы қауіпсіздігі” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тас жолдарда көлік жүргізушілеріне түсіндірме, ескерту жұмыстарын жүргізіп, күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ