Атырауда мас жүргізуші электр бағанасына соғылды (+ВИДЕО)

Атырауда мас күйде көлік басқарған жүргізуші электр бағанасына соқтығысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

28 маусым күні сағат 17:40 шамасында Құттығұлов-Еркінов көшелерінің қиылысында "Ехсееd" автокөлігі тізгінді игере алмай электр бағанасына соғылды.

Сараптама нәтижесінде жүргізушінің орта дәрежелі мас күйде болғаны анықталды.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР-ның ӘҚБтК-ның 608-бабы 3-бөлімі (Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама жасақталды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ