Атырауда "қызық жағдай" камераға түсіп қалды... (+ВИДЕО)

Атырауда автокөлігін мас күйде басқарған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

10 мамыр күні сағат 11:00 шамасында Сатпаев көшесі “Тамаша” сауда үйі тұсында "Қорғау" жүйесі бойынша 1986 жылы туған ер азамат  тексеру кезінде "ВАЗ-21014" көлігін  масаң күйде басқарғаны анықталды. Бұл бойынша 37 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша хаттама жасақталып, көлік тұраққа қойылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ