Атырауда 40 жастағы әйел орталық көпірден секірмек болды (+ВИДЕО)
- Facebook Video URL:
Атыраулық полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
29 мамыр түнгі сағат 04:00 шамасында Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде Орталық көпірдің ортасында белгісіз әйелдің суға секірейін деп тұрғанын байқайды. Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына жетіп, өз-өзіне қол жұмсамау үшін көпірден секірмекші болған 40 жастағы азаматшаны анықтады. Жедел әрекет еткен полицейлер 4 минуттық профилактикалық келіссөз жүргізіп, азаматшаны өз еркімен көпірден кері шығуына көндірді. Қазір 1983 жастағы азаматша жедел-тергеу тобына тапсырылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: иллюстратив