Ресми: Головкин - Канело трилогиясы өтетін күн жарияланды

Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегін өткізеді.

  Vesti.kz. сайтының мәліметінше, трилогия 17 қыркүйекте екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді. Мексикалық боксшы абсолют чемпион титулын алғашқы рет қорғайды. 

"Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше", - деп жазды Головкин.