Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-тың Сан-Хосе қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирі стартында ресейлік Дарья Касаткинаға есе жіберді, - деп хабарлайдыі Vesti.kz.
Рыбакина бірінші сетті 6:1 есебімен сенімді жеңсе, келесі екеуінде жеңіліс тапты - 2:6, 0:6. Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды.
Теннисшілер өзара үшінші рет кездесіп, текетіресте Касаткина алға шықты – 2:1. Екінші айналымда, яғни 3 тамызда ресейлік теннисші америкалық Тейлор Таунсендпен кездеседі.
Айта кетейік, бұл Рыбакина "Уимблдондағы" жеңісінен кейін қатысқан алғашқы матч болатын.