Атыраулық Айдана Махимова халықаралық дәрежедегі төреші атанды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Әзербайжан астанасы Баку қаласында таеквондодан жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған семинар өтіп, онда қазақстандық мамандар да білімін толықтырды. Бұл туралы Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Халықаралық семинар қорытындысы бойынша үш қазақстандық маман халықаралық дәрежедегі төреші атағына ие болды. Солардың бірі – атыраулық Айдана Махимова.
Айдана – таеквондодан Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Сонымен қатар, ол көптеген халықаралық турнирде қазылық қызметін атқарды.