Атырауда Т.Амандосов атындағы кубок иегерлері анықталды

Атырауда футзалдан Т.Амандосов кубогі үшін БАҚ қызметкерлері арасында өткен турнир аяқталды деп хабарлайды ATPress.kz.

БАҚ қызметкерлері күніне арналған дәстүрлі турнир "Атырау-Ақпарат" медиахолдингінің жанынан құрылған "Бас редакторлар" клубының ұйымдастыруымен өтті. Сегіз команда сынға түскен додада "Каспиан-ньюс" телеарнасы ұжымы үшінші орынға ие болды. Екінші орынды "Атырау-Ақпарат" еншілесе, "Тауман" құрамасы жарыс жеңімпазы атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Айта кетейік, "Тауман" командасы былтыр жеңіп алған ауыспалы кубокты өздерінде қалдырып, екінші рет турнир чемпионы атанып отыр.