ATPress.kz. 5 қыркүйек. Атырауда муай тайдан халықаралық турнир өтті. Белгілі қазақстандық ғалым Әмен Аманқұловты еске алуға арналған байрақты бәсекеде Қазақстан құрама командасы Таиланд, Бразилия, Оңтүстік Африка, Ресей және Аустралиядан келген спортшыла
Турнирге мыңнан астам көрермен жиналды. Жарыспен қатар отандық эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.
Осы орайда, облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекеттің айтуынша, Атырауда муай тайдан турнир соңғы рет 1999 жылы болған. «Біз тай боксына серпін беруді ұйғардық. Аталған спорт түрін дамыту мен насихаттау үшін осындай шаралар маңызға ие. Атырау муай тай федерациясының еліміздегі орыны ерекше», - дейді.
Жарыс қорытындысы бойынша, тоғыз жекпе-жектің сегізінде еліміздің спортшылары жеңіске жетіп, муай тайдың қазақстандық мектебі əлемдегі ең мықтылардың қатарында екенін көрсетті.
Айдос Қарабала