Атыраулықтар ең бай тұрғындар қатарынан табылды

Статистикаға сүйенсек, ең жоғары күнкөріс деңгейі тоғыз қалада тіркеліп отыр, ішінде Атырау да бар, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қалғаны – Жаңаөзен, Астана, Риддер, Степногорск, Алматы, Екібастұз және Өскемен екен. Керісінше, Түркістан, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Тараз көш соңында тұр. Рейтингте экономика мен бизнес, адами ресурс және инфрақұрылым ескеріліпті. Ал, жалақы бойынша батыс өңірлердің облыс орталықтары және Астана мен Алматы жоғары көрсеткішке ие.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: Е.Алтыбаев