ATPress.kz. 16 маусым. «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны аясында, Құрманғазы ауданы Ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция тобы қызметкерлері арнайы тексеру шараларын жүргізді.
Яғни, күйші атындағы аудан орталығында орналасқан мейрамханалар, дүкендер, көлік жуу орталықтары, жанар – жағар май бекеттері, дөңгелек жөндеу орталықтары, шаруа қожалықтары, егін шаруашылықтарын тексерген полиция қызметкерлері заңсыз жұмыс жасап жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау жұмыстарын жүргізді.
Сонымен бірге, кәмелетке толмағандар арасында оқыс – оқиғалар, оның ішінде жазғы демалыс кезінде, өзен, көлдерге суға түсу қауіпсіздігін сақтау мақсатында Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция тобы қоғамдық орындарда арнайы жадыманамалар таратты.
Д. Қаратаева,
Құрманғазы ауданы ішкі істер бөлімінің
Жергілікті полиция қызметінің
ювеналдық полиция аға лейтенанты