13 жыл Қызылқоғадан шықпай жүрген шетелдік анықталды

Қызылқоғалық полицейлер 13 жылдан бері ел аумағынан шықпай жүрген шетелдікті анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қызылқоға ауданы аумағында өткізіліп жатырған республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Камаладенов Қайырбек әкімшілік аумағын тексеру барысында, бөлімнің көші-қон қызметі тобына Өзбекстан Республикасының азаматшасын анықтап жеткізген.

Тексеру кезінде Қазақстан Республикасы аумағына 2010 жылдары кіріп, содан бері құжатының елде болу мерзімі біткенін біле тұра, ҚР-нан кетпегенін анықтаған. Ол Қазақстан азаматымен заңды некеге отырып, екі бала дүниеге әкелген.  Шетелдіктің айтуынша Қазақстан Республикасының азаматшасын алуға ниеті барын және 13 жыл ішінде азаматтық алуға құжаттарын дайындамақ болған. Бірақ қажетті құжаттарды толық жинақтап тапсырмапты.

Аталған оқиға бойынша бөлімнің көші-қон қызметі тобының қызметкерлері шетелдікке хаттама жасақтап, заңды шешімін алуға, Қызылқоға аудандық сотына жолдаған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ