SDU University жыл сайын талапкерлерге арнап республикалық деңгейде олимпиада өткізеді. SPT олимпиадасы мектеп және колледж түлектеріне болашақ мамандықтарын таңдауға көмектеседі әрі грантқа ие болу мүмкіндігін ұсынады. Өзіне сенімді әрбір талапкер олимпиадаға қатысып, бағын сынап көре алады.
Олимпиадаға тіркелу 20 ақпанға дейін жүргізіледі.
Жалпы SPT олимпиадасы 2 кезеңнен тұрады:
1-ші кезең жеңімпаздары 22 ақпан күні арнайы порталда, онлайн форматтағы логикалық 50 сұраққа жауап беру арқылы анықталады.
2-ші кезеңге өткен талапкерлер 9 наурыз күні республиканың әр аймағында белгіленген (17 қала бойынша) тестілеу орталықтарында офлайн форматта тест тапсырады. Олимпиада 11-сынып бағдарламасы негізінде, тест үлгісінде қазақ не орыс тілінде өтеді.
Ұпай көрсеткіші ең жоғары үздік 306 қатысушы SDU-дың 4 жылға жарамды грант және жеңілдік сертификаттарымен марапатталады.
SDU University ішкі олимпиадасына қатысып, өз бағыңды сынап көр!
Фото freepik