ATPress.kz Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс отырысында талқылаған түйткілдер түйінін ұсынады.
2 күннен кейін ҰҚКҰ әскерлерін елден шығару басталады. Он күннен соң толық аяқталады.
2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік бес жоғары оқу орнының филиалын ашуды тапсырды. Оның екеуі техникалық бағытта болады.
Мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды.
Үкіметке 2 айдың ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын дайындауды тапсырды.
Депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі өседі. 11 қаңтардан бастап ең жоғарғы пайыздық мөлшерлеме 3 және 6 айлық мерзімдегі депозиттерге қолданылады. Яғни, жинаққа қосылатын мөлшерлеме 2 пайызға өспек.
Күштік құрылымдардың жалақысын көтеру керек.
Жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыруды қоғам болып ойластыру керек.
ІІМ мен Ұлттық Ұлан құрамы санын арттыру керек.
"Самұрық-Қазына" мен оның құрылымдық бөлімшелеріне ревизия жүргізуді тапсырды.
«Самұрық-Қазына» қоры мен басқа да ұлттық компаниялардың сатып алулары тәртібін қайта қарастыру керек.
LRT жобасын тиімді аяқтауға отандық және шетелдік сәулетшілер шақырылады.
Үкімет мүшелері, әкімдер мен депутаттардың айлығының өсуіне 5 жылдық мораторий жарияланады.
Елден қаржыны тысқары шығарғандарды қатаң бақылау Ұлттық банк пен қаржылық мониторинг агенттігіне тапсырылды.
Мемлекеттік қызметтен кетудің тәртібі жеңілдетілуі керек.
Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырды. Мұнымен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Алымдардың өзіне келсек, олардың ставкасы қайта қаралуы керек.