"Қазақстан халқына" қоры тағы 1,2 миллиард теңгемен толықты. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
2 ақпан күні мына тұлғалар қаражат аударған:
- Турлов Тимур Русланұлы - 500 миллион теңге;
- Ідірісов Дінмұхамет Аппазқһұлы - 300 миллион теңге;
- Есенов Ғалымжан Шахмарданұлы - 250 миллион теңге;
- "Бағыстан" ЖШС - 100 миллион теңге;
- "Vertex Trans" ЖШС - 20 миллион тенге;
- "Эдельвейс Транс" - 20 миллион теңге.
Естеріңізде болса, осыған дейін Президент Тоқаев Nur Otan партиясының съездінде ірі кәсіп иелеріне қатаң ескерту жасап, қорға қаражат аударуға шақырған болатын.