Алексей Цой қызметінен не себепті босады?

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен кетті.

Министрліктің баспасөз қызметі 44 жастағыминистрді қызметінен өз қалауымен, басқа жұмысқа ауысуына байланысты кетті деп отыр.

Алайда бұрынғы министрдің қандай лауазымға ауысқаны және оның мемлекеттік қызметте қалу-қалмауы айтылмады.

Айта кетері, 20 желтоқсанда мемлекет басшысы Алексей Цойды денсаулық сақтау министрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.

Алексей Цой денсаулық сақтау министрі қызметіне 2020 жылдың 25 маусымында тағайындалды, оның алдында Елжан Біртанов министр болған.