АЭС бойынша өтетін референдум бюллетені қандай болады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтетінін мәлімдеген еді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бюллетеньнің мәтіні туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде дауыс беруге арналған бюллетень нысаны мен мәтінінің жобасы дайындалды. Шығарылған сұрақтың тұжырымдамасы: "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?". Жауап нұсқалары: "Иә, келісемін", "Жоқ, келіспеймін", - деді брифингте Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.

Айта кетейік, АЭС салу бойынша референдум өткізуге 15,5 млрд теңге қажет екені айтылған болатын.

АЭС бойынша өтетін референдум бюллетені қандай болатыны белгілі болды