Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде 654 балаға сыйлық таратылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Айттықтарды балаларға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, «Иман жастары» еріктілері үлестірді. Бұл туралы орталық мешіттің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Халқымызда «Берсең, балаға бер» деген керемет сөз бар. Ораза Айт – сыйлық алатын, сыйға бөленетін керемет мереке. Барша мұсылман қауымы асыға күтетін мерекеде балаларымызға да ерекше көңіл бөлу маңызды» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.




