Мақат-Қызылқоға тасжолында 4 адам қайтыс болды

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

28 ақпан сағат 07:55-те Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 492-шақырымында Мақат-Қызылқоға бағытында Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі басқаруды игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан төрт адам қаза тауып, үш адам түрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ