Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
9 наурыз күні республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тасжолының 551-шақырым тұсында Ларгус және Уаз автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. Салдарынан оқиға орнында Ларгус автокөлігінің 1990 жылы туған жүргізушісі мен 1994 және 2022 жылы туған жолаушылары қаза тапты. Ал, Уаз автокөлігінің үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ