Атырауда «Азаматтық қорғаныс» күніне орай ашық есік күні өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бүгін №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде бүкіләлемдік «Азаматтық қорғаныс» күніне орай ашық есік ұйымдастырылды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Іс-шара барасында құтқарушылар мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне құтқару техникасы мен құрылғылары көрсетіп, оларды қолдану жайында түсінік берді. Қызығушылық танытқандарға өрт сөндіру көлігіне отыруға, авариялық-құтқару құрал-жабдықтарын көруге және естелік суретке түсуге мүмкіндік берілді.
- Бүгін 1 наурыз - бүкіләлемдік «Азаматтық қорғаныс» күніне орай ашық есік ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат - халықтың арасында азаматтық қорғаныс ұғымын түсіндіру және өрт-сөндірушілердің бір күндік өмірімен таныстыру. Іс-шара барысында құтқаруышлардың күн тәртібіне сай қызмет атқаруы, дауыл бойынша шығулары және оқу мұнарасының төртінші қабатынан құтқару тәсілдері кеңінен көрсетілді, деді Атырау қаласы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Расул Каримоллаев.
Айта кетейік, аталған іс-шараға колледж және мектептерден 70-тен астам оқушы қатысты.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ