Жылыойдың 95 жылдығы аясында көрме-жәрменке өтті

Жылыой ауданының 95 жылдығы аясында жылыойлық қолөнер шеберлерінің көрмесі және жәрмеңке өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Өнерлі өрен – өлке мақтанышы» атты көрмеге жылыойлық қолөнер шеберлері дайындаған зергерлік және сәндік бұйымдар, өлкенің көрікті жерлерінің суреттері мен макеттері және жылыойлық ақын-жазушылардың кітаптары қойылды.

Сондай-ақ жылыойық кәсіпкерлердің өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдері қойылған «Жылыой жәрмеңкесі» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде ауданның 20-ға жуық кәсіпкерінің сан түрлі өнімдері көпшілікке ұсынылды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, көрме-жәрмеңкені тамашалауға келген тұрғындарға аудан өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлады.