ATPress.kz. 10 желтоқсан. «Тікен арасындағы гүл». Осындай атаумен жарық көрген белгілі журналист Қанат Ғұмаровтың кітабының тұсаукесер рәсімі Құрманғазы ауданында өтті.
Жинаққа автордың 17 шағын әңгімелері мен хикаяттары, эссе, новеллалары топтастырылған. Жаңа туындыда автор ұлттық құндылықтар, адамгершілік, махаббат, достық, адалдық ғибраттарын мазмұнды әрі шынайы кестелеген.
Қалың оқырманға жол тартқан «Тікен арасындағы гүл» жинағы автордың екінші кітабы. Айта кетелік, Қанат Ғұмаров Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, қарымды қаламгер, Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің редактор орынбасары.
Өз тілшіміз