Мақатта кітапханалар қоры жаңартылуда

ATPress.kz. 8 желтоқсан. Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жылды оң бағамен аяқтады.

Бұл жөнінде апта басында өткен есеп беру жиынында мәлім болды.

Бөлімге 12 млн 172 теңге, аудандық орталық кітапханаға 87 млн 821 теңге, аудандық мәдениет үйіне 109 млн 600 теңге, Доссор мәдениет үйіне 47 млн 34 теңге қаржы бөлініп толықтай игерілді.

Жыл басынан бері мәдениет үйлерінде жылдық жоспарға сәйкес 118 мәдени шара өткізіліп, 58386 көрермен қамтылған.  

Аудан тұрғындарына рухани қызмет көрсететін 9 кітапханада оқырмандар саны – 9 216 болса, жалпы кітап қоры – 127 488 дана, оның ішінде – 73900  данасы мемлекеттік тілде. 

2017 жылы 4  122 602 теңге құрайтын 1069 дана әдебиет алынған болса, оның   мемлекеттік тілдегісі – 916.

 

Е. Мырза

Сурет library.rsue сайтынан алынған