Қарабау және Мұқыр ауылында мәдениет үйі бой көтеруде. Бұл туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметов мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазіргі уақытта аудан аумағында 8 мәдениет үйі жұмыс жасап тұр. Аталған нысандар пайдалануға берілгеннен кейін Қызылқоға ауданы 100% мәдениет ошағымен қамтылады.
Екі нысанда да кітапхана, оқу залы, ән және би үйірмелеріне арналған бөлмелер болады.
- Мұқыр ауылындағы 400 орындық өнер ордасының құрылыс жұмыстарына «Жиенбай» ЖШС жауапты. Мұндағы жұмыс тамыз айында басталған еді, жоспар бойынша 2025 жылдың қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс. Ал Қарабаудағы 300 орындық мәдени нысанның құрылысын «Нуркапстройгаз» ЖШС жүргізуде. Мәдениет үйін 2025 жылдың желтоқсан айына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деді Д. Нығметов.