Кітапханашы құрметті әрі қажет мамандық, оның қызметі бай тарихи, мәдени және ғылыми мұраны сақтау мен насихаттауда аса маңызды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Цифрлық технологиялардың дамуы кітапханалардың жұмыс істеу тетіктерін өзгерткенімен, олардың ағарту және ақпараттық орталықтар ретіндегі мақсат-міндеті өзгеріссіз қалды.
Қазақстанда соңғы 5 жылда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кітапханаларға арнап 4,5 млн кітап басып шығарылды. Ұлттық электрондық кітапхананы дамыту жұмысы да белсенді жүргізілуде.
Қызметкерлер өздерінің кәсібилігі мен өз кәсіптеріне берілгендігінің арқасында кітапханаға келуші оқырмандардың бойында тану мен зерттеуге деген құлшыныс сезімін оятатын ахуал қалыптастырады.