Атырауда кімдерге ескерткіш орнатылады?

ATPress.kz. 17 ақпан. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырауда үш бірдей тарихи тұлғаға ескерткіш орнатылады.

Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкеновтың айтуынша, «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «мәдени даму» бағыты бойынша Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор, домбырашы Қаршыға Ахмедяровқа және Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Хамит Ерғалиевке арналған сәулеттік-мүсіндік композицияларын орнату көзделуде.

«Қазіргі таңда екі жоба республикалық жобалық реестрге енгізіліп, құжаттар Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі республикалық комиссияның қаралуына ұсынылды. Сонымен қатар, Халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған кіші сәулеттік нысанын орнату үшін мүсіншілерден ұсыныстар жинақталуда», - деп атап өтті ол «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының Атырау облысында іске асырылуы туралы өңірлік коммиссияның отырысында.

 

Бек Әзберген

Сурет: kapital.kz