Атырау қаласының әкімі кітапханашыларды марапаттады
24 қазан – кітапханашылар күніне орай Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин талай жылдар кітапхана саласында еңбек сіңірген ардагер кітапханашыларды марапаттады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
- Елімізде 2022 жылдан бастап ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес «24 қазан – Кітапханашылар күні» болып бекітіліп, тойланып келеді. Білімнің қайнар көзі кітап, ал сол кітаппен оқырман арасындағы көпір қызметін кітапханашыларымыз атқарып келеді. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, руханият игілігі жолында атқарған еңбектеріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, деді қала әкімі.
Жиында 40 жылға жуық уақыт еңбек еткен Гүлмайра Иманғалиева мен Гүлшара Мұқашева «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен және ардагер кітапханашылар: Гүлжанай Қалиева (еңбек өтілі-20 жыл), Сәнім Биғамбаева (еңбек өтілі-25 жыл), Лариса Проскура (еңбек өтілі-30 жыл), Ұлмекен Утеулиева (еңбек өтілі-47 жыл), Ұлжан Шалагереева (еңбек өтілі-43 жыл), Марфуға Шарипова (еңбек өтілі-27 жыл), Үнзира Мұсаева (еңбек өтілі-45 жыл), Рашида Ғұмарова (еңбек өтілі-23 жыл) қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.