Ақмешіт кешенінің аумағы көркейтіледі

ATPress.kz. 27 ақпан. Жылыой ауданы әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы Қазақстанның киелі жерлер географиясы тізіміне Атырау облысы бойынша енген тарихи кешен – Ақмешітке - барды.

Сапар барысында Әлимұхаммед Құттымұратұлы Ақмешіт кешеніне зиярат етушілер санының жыл санап көбеюіне байланысты, кешен аумағына көркейту жұмыстарын жүргізу мәселесін көтерді. Аудан әкімі кешен аумағын туристік кейіпке сай көркейту жұмыстары бойынша бірқатар ұсыныстарды тыңдап, бұл істе сәтті жұмыс жүргізген Маңғыстау облысындағы тарихи кешендердің тәжірибесін басшылыққа алу оңды шешім болады деген қорытындыға келді.

 

Бек Әзберген