Қуандық Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа түсті

Әйелін өлтірді деп сотталған Қуандық Бишімбаев жазасын жеңілдету үшін күресті жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі Жоғарғы сотқа түсті. Бұл туралы ақпарат сот кеңсесінде пайда болды.

5 тамызда іс судьяға жолданған.

Еске салайық, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін айыпталған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған болатын. Ал қылмысты жасырып қалған інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: Верховный Суд Республики Казахстан / Telegram