Ауданға жауған аппақ қар тұрғындарға тамаша табиғат көрінісі мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аудан әкімдігінен білгеніміздей, ауа райының күрт суытып, қалың қар түсуіне байланысты аудан аумағындағы көшелердің көлік қозғалысын ретке келтіру мақсатында Индербор кентінде 8 арнайы техника жұмылдырылып, көше бойына құм және тұз себу мен қар тазалау жұмыстары атқарылуда. қар тазарту жұмыстары ауданымызға қарасты барлық ауылдық округтерде де жүргізілуде. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалар, әлеуметтік нысан аумақтары мен кент көшелері қардан тазартылуда. Кент тұрғындары назарына, қар тазалау жұмыстарына қатысты өтінімдерді аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында немесе 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қалдыра алады.